Кәсіпкер тұлғасы

ESTP-A / ESTP-T

Кәсіпкер ESTP-A / ESTP-T

Өмір не шытырман оқиғалы саяхат, не мүлде ештеңе емес.

Хелен Келлер

Кәсіпкерлер (ESTP) әрқашан өздерінің айналасына ықпал етеді, оларды сауық кешінде байқаудың ең жақсы жолы - топтан топқа ауысқан кезде олардың айналасында ұшып жүрген адамдар тобын іздеу. Күлкіге қарық қылып және өткір әзілмен басқалардың көңіл көтеретін кәсіпкер тұлғалар басты назарда болғанды жақсы көреді. Егер аудитория мүшесінен сахнаға шығу сұралса, кәсіпкерлер ерікті түрде немесе ұялшақ досын атайды.

Теория, абстрактылық тұжырымдамалар және жаһандық мәселелер мен олардың салдары туралы толассыз талқылаулар Кәсіпкерлерді ұзақ уақытқа қызықтыра алмайды. Кәсіпкерлер әңгімелерінің қарқынды түрде және ақыл-парасатты айтылғанын қалайды, бірақ олар тақырыптың не екендігі туралы немесе әрекетті жасау туралы сөйлескенді ұнатады. Кәсіпкерлер алдын ала тексеріп, күтпеген жағдайларға дайындалып алудың орнына, бірден секіре салады, қателіктерін жолай түзеуге қабілетті және бос отыра алмайды.

Кәсіпкер (ESTP) тұлғасы

Бірден сүңгіп кету

Кәсіпкерлер қауіпті мінез-құлықты қамтитын өмір салтын ұстанатын ең ықтимал тұлға түрі болып табылады. Олар осы сәтте өмір сүреді және дауыл көзі іспетті әрекетке баспен кіреді. Кәсіпкер тұлға түріне ие адамдар эмоционалды толқулар үшін емес, олардың логикалық ақыл-ойын ынталандыратындықтан драманы, құмарлықты және ләззатты ұнатады. Олар фактілерге негізделген жедел рационалды ынталандыру реакциясына, шынайылыққа негізделген бетбұрысты шешімдер қабылдауға мәжбүр.

Бұл мектепті және басқа да жоғары деңгейде ұйымдастырылған орталарды Кәсіпкерлер үшін қиын етеді. Бұл, әрине, олардың ақылды еместігінен емес және олар табысқа жете алады, алайда ресми білім берудің реттелген, лекциялық тәсілі кәсіпкерлерге ұнайтын практикалық оқыту әдісінен әлдеқайда алыс. Бұл процесті мақсатқа жетудің қажетті құралы ретінде, қызықты мүмкіндіктер тудыратын нәрсе ретінде көру үшін жетілген көзқарас қажет.

Кәсіпкерлер үшін басқа біреудікінен гөрі өздерінің моральдық компасын пайдалану маңыздырақ. Ережелер оларды бұзу үшін жасалған. Бұл пікірді бәлкім бірнеше орта мектеп оқытушылары немесе корпоративтік жетекшілер қолдауы мүмкін және бұл кәсіпкер тұлғаларға белгілі бір бедел әкелуі мүмкін. Бірақ егер олар артық әрекеттерді азайтып, күш-жігерін жұмсап, бірсыдырғы нәрселерге назар аударса, кәсіпкерлер үлкен күшке ие болады.

Аз жүрілген жол

Тұлға түрлерінің ішіндегі ең байқампаз, сүзгісіз көрініске ие кәсіпкерлердің шағын өзгерістерді байқайтын бірегей қабілеті бар. Бет әлпеттің ауысуы, жаңа киім стилі немесе сақталмаған әдет болсын, бұл тұлға түріне ие адамдар жасырын ойлар мен мотивтерді бірден байқаған кезде, көптеген тұлға түрлері нақты бір нәрсені көруінің өзі үлкен сәттілік болып табылады. Кәсіпкерлер бұл бақылаған нәрсесін дереу пайдаға жаратады, өзгерістерді белгілеп жүреді және сұрақтар қояды, алайда көбінесе сезімталдыққа көңіл бөле бермейді. Өз құпиялары мен шешімдерінің хабарлануын біраз адамдар қаламайтынын кәсіпкерлер есте ұстаған жөн.

Кейде кәсіпкерлердің лезде бақылау жасауы мен әрекеті кейбір корпоративтік орталар мен әсіресе төтенше жағдайларда таптырмас нәрсе.

Егер кәсіпкерлер абай болмаса, олар дәл осы сәтке тым берілі, артық кетуі және сезімтал адамдарға дөрекілік көрсетуі немесе өз денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамтамасыз етуді ұмытып кетуі мүмкін. Халық санының небәрі төрт пайызын құрайтын кәсіпкерлердің саны өткір, әрі бәсекеге қабілетті болу үшін жеткілікті, бірақ жүйелік қауіп тудыратындай көп емес.

Кәсіпкерлер рационалдықпен, кейде алаңдататын ақылмен толықтырылған құштарлық пен күш-қуатқа толы болып келеді. Шабыттандыратын, сөзіне сендіре білетін, ашық кәсіпкерлер табиғи көшбасшылар болып табылады, барлығын аз жүрілген жолға тартады және жүрген жерінде белсенділік мен толқу әкеледі. Бұл қасиеттерді сындарлы және пайдалы нәтижеге жеткізу - кәсіпкерлердің нағыз міндеті.

Атақты Кәсіпкерлер