Медиатор тұлғасы

INFP-A / INFP-T

Медиатор INFP-A / INFP-T

Олар салмақты немесе қарапайым болып көрінгенімен, Медиаторлардың (INFP) жанды, құштарлыққа толы ішкі өмірлері бар. Шығармашылық пен қиялшыл, олар өздерінің саналарында әртүрлі оқиғалар мен әңгімелерді ойлап тауып, өздерін армандар ішінде бақытты түрде жоғалтады. Бұл тұлғалар өздерінің сезімталдығымен танымал. Медиаторлар музыкаға, өнерге, табиғатқа және айналасындағы адамдарға терең эмоционалды жауап бере алады.

Идеалистік және эмпатикалық қасиеттерге ие медиаторлар терең, жанға жақын қарым-қатынастарды аңсайды және олар басқаларға көмектесуді өздерінің міндеті санайды. Бірақ бұл тұлға түрі халықтың өте аз бөлігін құрайтындықтан, медиаторлар кейде өзін бірегей ететін қасиеттерді бағаламайтын әлемде өздерін жападан жалғыз немесе мүлдем елеусіз сезінулері мүмкін.

Барлық алтын жарқырай бермейді; жер бетін кезіп жүргендердің барлығы адасқандар емес; ескі болғанымен күшті нәрсе өшпейді; тамырын терең жібергенді аяз шарпымайды.

Дж. Р. Р. ТОЛКИН
Медиатор (INFP) тұлғасы

Жанашырлықтың сыйы

Медиаторлар адам табиғатының тереңдігіне деген шынайы қызығушылық танытады. Олар өз ойлары мен сезімдері жақсы бейімделгенімен, айналасындағы адамдарды да түсінуге тырысады. Медиаторлар жанашыр және сыни көзқарастан аулақ, әрқашан басқа адамның әңгімесін тыңдауға дайын. Біреу оларға ашылып, ойындағысын айтса немесе жұбату үшін оларға жүгінсе, олар тыңдап, көмекші болуға әрқашан дайын болады.

Медиаторлар үшін кез келген түрдегі тамаша қарым-қатынас - бұл екі адам да өздерін жайлы сезінетін атмосферада ең үлкен үміттері мен армандарымен ғана емес, сондай-ақ ең үлкен қорқыныштары мен әлсіздіктерімен бөлісетін жағдай.

Жанашырлық таныту - бұл тұлғаның ең үлкен сыйларының бірі, бірақ кейде бұл үлкен жауапкершілік болуы мүмкін. Дүние қиындықтары Медиаторлардың иығына ауыр салмақ салады және бұл тұлғалар басқа адамдардың жағымсыз көңіл-күйлерін немесе ой-пікірлерін қабылдау кезінде осалдық танытуы мүмкін. Егер олар шекара қоюды үйренбесе, Медиаторлар түзетуді қажет ететін қанша қателік жібергенін көріп, көңілдері түсуі мүмкін.

Өз шындықтарын айту

Медиаторларды өздері емес адам болып көріну қатты мазасыздандырады. Сезімталдығымен және шынайылыққа деген құштарлығымен бұл тұлға түріне ие адамдар өздерін шығармашылық жағынан көрсету мүмкіндігін аңсайды. Сондықтан көптеген танымал ақындардың, жазушылардың, актерлардың және суретшілердің медиатор тұлға түріне ие болуы таңқаларлық емес. Олар өмірдің мәні мен мақсаты туралы ойланбауы мүмкін, алайда олар әр түрлі оқиғаларды, идеяларды және мүмкіндіктерді армандайды.

Медиаторларда өзін-өзі көрсету қабілеті бар. Олар метафоралар мен ойдан шығарылған кейіпкерлер арқылы ішкі ойлары мен сырларын аша алады.

Осы қиялды пейзаждар арқылы медиаторлар өздерінің ішкі табиғатын, сондай-ақ әлемдегі өздерінің орнын зерттей алады. Бұл қасиет сөзсіз жағымды болғанымен, бұл тұлғалар кейде әрекетке емес, қиялға және фантазияға көбірек көңілдерін бұрады. Көңілсіздік, қолынан келген нәрсені жасай алмау сезімі немесе қабілетсіздік сезімінен құтылу мақсатында медиаторлар өздерінің армандары мен идеяларын шындыққа айналдыру үшін нақты қадамдар жасайтынына көз жеткізуі керек.

Өз борышын іздеу

Тұлғаның бұл түріне ие адамдар өмірлік жолын таппайынша өздерін еш мақсатсыз немесе тығырыққа тірелгендей сезінеді. Көптеген медиаторлар үшін өмірлік мақсат - басқаларды жігерлендіру және басқалардың басындағы проблемалары өз проблемасы деп қабылдау. Медиаторлар барлығына бірдей көмектескісі келсе де, оларға өз энергиясы мен күш-жігерін бір жерге шоғырландыра білу керек, өйткені зорығып, шаршап қалу қаупі бар.

Бақытымызға орай, көктемде гүлдеген гүл сияқты, медиаторлардың креативтілігі мен идеализмі ең қараңғы кездерде де күндей жарқырайды. Ешқашан мінсіз әлемде өмір сүрмейтінімізді білсе де, медиаторлар оны мүмкіндігінше жақсартуын тоқтатпайды. Дұрыс таңдау жасауға деген қарапайым сенім бұл тұлғалардың қай жерде жүрсе де жанашырлық, мейірімділік пен сұлулықты дәріптейтінін түсіндіреді.

Атақты Медиаторлар