Консул
Бір-біріңізді жігерлендіріңіз, қолдау көрсетіңіз және нығайтыңыз. Себебі бір адамға таралған позитивті энергияны бәріміз сезінеміз.
ESFJ (Консул) тұлға түріне ие жандар үшін өмірдің ең тәтті сәттері – оларды біреумен бөліскен кез. Көпшіл және ашық-жарқын, бұл адамдар достарын, жақындарын, көршілерін үйіне қонаққа шақыруға әрдайым дайын, сөйтіп өз айналасындағыларды біріктіреді.
Бұл олар бәріне ұнайды немесе мінсіз дегенді білдірмейді. Олар көбінесе өзімен көзқарасы, құндылығы ұқсас адамдармен тығыз байланыс орнатады. Десе де, ESFJ тұлғалары қонақжайлылық пен жақсы қарым-қатынас жасаудың маңыздылығына сенеді және айналасындағыларға қамқорлық жасауды парызым деп біледі. Жомарт та сенімді, олар түрлі жағдайларда – үлкен істерден бастап ұсақ-түйек күнделікті міндеттерге дейін – отбасын, қауымдастықты ұйыстыруға белсенді түрде атсалысады.
Жауапкершілікті өмірдің сұлулығы
ESFJ тұлға түріндегілер – нағыз альтруистер. Олар басқаларға көмектесуді, қызмет етуді және дұрыс істі жасауды өте маңызды санайды. Олардың ойынша әрбір жағдайда дұрыс шешім бар. Кейбір тұлға түрлері «Өзің өмір сүр, өзгені де өмір сүргіз» деген жұмсақ ұстанымды ұстанса, ESFJ-лер біреудің қате деп санайтын жолды таңдағанын көргенде сын айтпай тұра алмайды. Нәтижесінде олар біреу – әсіресе жақын адамдары – өздерімен келіспегенде немесе олар түсінбейтін жолды таңдағанда мұны қабылдауға қиналады.
Жақсы-жаманды нақты ажырата білетін бұл тұлғалар кейде өз пікірлерін ашық айтып, онысын дұрыс деп біледі. Бірақ олар мұны жайдан-жай емес – көбіне дәстүрлі құндылықтардың орнығуына сенеді және «әр қадамым өзгеге әсер етеді» деп түсінеді. Бұл ретте ESFJ-лер заңдар мен нормаларға сүйенуді дұрыс санайды, себебі мұның бәрі басқаларға құрметпен және тәртіппен қарауға көмектеседі.
Ұзаққа созылатын қарым-қатынастарды нығайту
Көмек көрсетуге дайын және көпшіл ESFJ-лерді кез келген кештен байқауға болады – олар көңілдің көтеріңкі болуын қадағалап, бәрінің көңілді отырғанына көз жеткізеді! Бірақ қателеспеңіз: олар тек қызық қуып қана қоймайды. Адалдыққа берік бұл адамдар терең әрі ұзақ мерзімді қарым-қатынасқа сенеді және кез келген сәтте қолдау көрсетуге дайын. Айналасындағылардың олардан көмек сұрайтынын білу осы жомарт жандарды шабыттандырады.
Тәртіп пен құрылымды жақсы көретін ESFJ-лер белгіленген жоспарды стихиялық басқосулардан артық көреді. Іс-шара мінсіз өтуі үшін олар өздері-ақ ұйымдастыруға қарсы емес. Бұл тұлға түріндегілер өзгелерге қуаныш пен мерекелік көңіл сыйлау үшін көп күш жұмсайды және біреулер ол еңбекті бағаламай қойса, оны жақын қабылдап қалады.
ESFJ тұлға түріне ие адамдар үшін ең үлкен сынақтың бірі – айналасындағы адамдардың ойы мен мінез-құлқын басқара алмайтынын түсіну. Дегенмен, олар қолынан келетін нәрсені жасауға – қамқорлықтың, бауырмалдықтың және жауапкершіліктің үлгісін көрсетуге – бар ынтасымен кіріссе, өздері де, өзгелер де мол қанағат пен тыныштық табады.