Логист тұлғасы

ISTJ-A / ISTJ-T

Логист ISTJ-A / ISTJ-T

Құдай берген қабілеттерді қолданбасам, көбірек қорқар едім. Мен кейінге қалдыру мен жалқаулықтан көбірек қорқатын едім.

ДЕНЗЕЛ ВАШИНГТОН

Логисттер (ISTJ) өздерінің адалдықтарын мақтан тұтады. Тұлғаның бұл түрі ие адамдар айтқысы келгенін жасырмай бетке айтады және бір нәрсені жасауға міндеттенсе, міндетті түрде істі аяқтайды.

Тұлғаның бұл түрі жалпы халықтың едәуір бөлігін құрайды және логисттерге ерекше назар аударылмаса да және олар өздеріне назар аударылғанын қаламаса да, олар қоғамды берік, тұрақты іргетаста ұстау үшін керектінің барлығын, кейде одан да көп әрекет жасайды. Логисттер өз отбасылары мен қауымдастықтарында көбінесе сенімділігінің арқасында, практикалық және тіпті ең стресстік жағдайларда да дұрыс және логикалық шешім шығару қабілетімен құрметке ие.

Логист (ISTJ) тұлғасы
Өз міндеттерін орындаудан бас тартатын немесе басқалар естігісі келетін нәрсені айтатын адамдарға толы әлемде логисттер өз ісіне берілгендігімен, жауаптылығымен және адал болуымен ерекшеленеді.

Адал ғұмыр кешу

Логисттердің өзін-өзі құрметтеуінің негізі жеке тұтастық сезімінен туындайды. Тұлғаның бұл түріне ие адамдар кез келген жағдайда дұрыс жол бар деп санайды және басқаша ойлайтын кез келген адам ережелерді өз мақсаттарына сәйкес бұрмалауда деп ойлайды. Логисттер құрылым мен дәстүрге үлкен құрметпен қарайды және олар көбінесе нақты иерархиялар мен күту уақытын ұсынатын ұйымдарды, жұмыс орындарын және білім беру мекемелерін артығырақ санайды.

Көптеген логисттер үшін құрылымның жетіспеушілігі еркіндікті емес, хаосты білдіреді.

Логист тұлғасына ие адамдар өз әрекеттері мен таңдаулары үшін көп жағдайда жауапкершілікті өз мойындарына алудан тартынбайды. Жалпы айтқанда, олар өздерінің қателіктерін тез көре біледі, тіпті бұл олар туралы жақсы ой қалыптастырмаса да, шындықты мойындай алады. Логисттер үшін адалдық жақсы көрінуден қарағанда әлдеқайда маңызды және олар басқа біреуді таң қалдыру үшін өтірік айтқаннан гөрі өз ар-ұятын сақтауды жөн тұтады.

Қандай жағдай болмасын өз міндеттемелерін орындауға тырысатындықтан, логист-тұлғаларды бір стандартты ұстанбайтын адамдарға таңғала қарайды. Кейде логисттерге тән қатал өзін-өзі бақылау әдісіне сәйкес келмейтін адамдарды әділетсіз түрде қате бағалауы мүмкін, тіпті қиындықтармен бетпе-кет келген кезде оларды шеше алса да, кей адамдарды жалқау немесе адал емес деп ойлауы мүмкін. Логисттер бұл шешімдерді дауыстап айтпаса да, олардың менсінбеушіліктері оларға қатал немесе сезімсіз адамдардың беделін алып келуі мүмкін.

Әлсіздіктің орнын толтыру

Логисттердің адалдығы таңғаларлық қасиет және бұл оларды көптеген жетістіктеріне жетелейді. Бірақ бұл басқа адамдар пайдаланатын әлсіздікке айналуы да мүмкін. Күшті жұмыс этикасы мен борыш сезіміне байланысты логисттер үнемі басқа адамдардың жауапкершілігін өз мойнына ала алады. Жағдайға шағымданбаса да, логист-мамандар үнемі өз әріптестерінің, достарының немесе жақындарының жауапкершілігін өз мойнына алатын болса, олар болдырып, тіпті көңілдері қалуы мүмкін.

Логисттер басқа адамдардың жұмысын жасап, сол үшін ешқандай құрметке ие болмағандықтарын байқауы мүмкін.

Логисттер өз эмоцияларын оңай білдіре бермейді, бірақ бұл мұндай тұлға түріне ие адамдар өздерімен қатар басқаларды арқалап жүргенін білген кезде ашуланбайды немесе ренжімейді дегенді білдірмейді. Егер олар өздерінің қарым-қатынастары теңдестірілген және тұрақты екеніне көз жеткізбесе, логисттер өздері қорғап жүрген тұрақтылықтың талқанын шығаруы мүмкін. Сәйкес шекараларды белгілеуді және басқалар сол шекараны бұзған кезде өз эмоцияларын білдіруді үйрену арқылы логисттер әлемге өздерінің көптеген сыйларының, айқындылығың, адалдығының және сенімділігінің толық мүмкіндігін ұсынатын болады.

Атақты Логистер