Логик тұлғасы

INTP-A / INTP-T

Логик INTP-A / INTP-T

Ең бастысы сұрақ қоюды тоқтатпау. Қызығушылық танытудың өзіндік себебі бар.

АЛЬБЕРТ ЭЙНШТЕЙН

Логиктер (INTP) өздерінің ерекше перспективалары мен күшті интеллектісін мақтан тұтады. Олар ғаламның жұмбақтары туралы әрқашан бастарын қатырып жүреді, бұл ең ықпалды философтар мен ғалымдардың кейбірінің логиктер болғанын түсіндіруі мүмкін. Тұлғаның бұл түрі өте сирек кездеседі, бірақ олардың креативтілігі мен өнертапқыштығын әлемге пашу етуге логикалар қорықпайды.

Ақыл ғұмыры

Логиктер көбінесе ойға шомып жүреді және бұл міндетті түрде жаман деген нәрсені білдірмейді. Мұндай тұлға түріне ие адамдар ешқашан ойлауын тоқтатпайды. Олар оянған сәттен бастап, саналарында идеялар, сұрақтар және түсініктер пайда болады. Кейде олар тіпті өздерімен толыққанды пікірталас жүргізіп жатқанын байқайды.

Қиялшыл, әрі әр нәрсеге қызығушылық танытатын логикалық тұлғалар өздерінің ақыл-ойының жұмысынан шексіз қызығушылық табады.

Сырттай қарағанда, логиктер шексіз арманның жетегінде өмір сүретін сияқты көрінуі мүмкін. Оларды ойшыл, бөлектелген және аздап ұстамды ретінде таниды. Яғни, олар өздерінің бар психикалық энергиясын осы сәтте немесе нақты адамға бағыттауға тырысқанға дейін жалғасады және бұл басқалар үшін біршама ыңғайсыз болуы мүмкін. Бірақ олардың қай режимде болғанына қарамастан, логиктер интроверттер және ұзақ қарым-қатынастар оларды жалықтырып жібереді. Өткен ұзақ күннен кейін олар өз ойларымен кеңесу үшін жалғыз болғанды қалайды.

Алайда, логиктерді жылы қабақ танытпайды немесе тұйық деп ойлау қате болар еді. Олар өздерінің психикалық энергиясына сәйкес келетін адаммен байланысқан кезде, бұл тұлғалар бір ойдан екіншісіне секіріп, өздерін жаңа қырлардан көрсетеді. Идеялармен бөлісу немесе басқа қызық, іздемпаз жанмен қызу пікірталас өткізу мүмкіндігі оларды қуаттандырады.

Логик (INTP) тұлғасы

Бұл оп-оңай, қымбатты логигім

Логиктер заңдылықтарды талдауды жақсы көреді. Қалай жасағандарын білмей-ақ, мұндай тұлға түріне ие адамдардың Шерлок Холмс сияқты сәйкессіздіктер мен бұзушылықтарды байқайтын шеберлігі бар. Басқаша айтқанда, оларға өтірік айту нашар идея.

Бір қызығы, логиктердің сөзіне әрдайым сене бермеу керек. Олар арамдық туралы сирек ойлайды, алайды белсенді ақыл-ойларының арқасында кейде басынан аяғына дейін ойланбаған идеялар мен теориялар байқап көргісі келед. Олар тіпті шешім қабылдамай жатып, өздерінің демалыс күндеріндегі жоспарларынан бастап негізгі моральдық принципке дейін кез келген нәрсеге қатысты өз пікірлерін өзгертуге дайын болады. Сонымен қатар, олар қызық дискуссияны жалғастыру үшін жиі сайтан алғыр адвокат рөлін ойнауға да қуана-қуана келіседі.

Логиктер үшін ең жақсы әңгімелер - миға шабуыл сеанстары сияқты дәстүрлі емес ойларға және қабырғадан тыс жағдайларға толы болғандығы.

Логиктер идеялар мен мүмкіндіктер туралы күні бойы ойлана алады және олар осылай жиі жасайды да. Бұл идеяларды шындыққа айналдырудың практикалық, күнделікті жұмысы оларды әрдайым қызықтыра бермейді. Бақытымызға орай, күрделі, көп қабатты мәселені шешуге және шығармашылық шешімге келуге келгенде, басқа тұлға түрлері логиктердің шығармашылық данышпандығы мен әлеуетіне тең келмейді.

Ғаламның жұмбақтары

Мұндай тұлға түріне ие адамдар ғаламдағы барлық нәрсені түсінгісі келеді, әсіресе адам табиғаты аймағы оларды ерекше қызықтырады. Аты айтып тұрғандай, логиктер логика мен ұтымдылық саласында өздерін судағы балықтай сезінеді. Нәтижесінде, олар сезімдер мен эмоциялар адамдардың мінез-құлқына, соның ішінде олардың өздерінің мінез-құлқына қисынсыз және негізсіз тәсілдер арқылы әсер ететінін біліп, таңдай қағулары мүмкін.

Бұл логиктердің сезімге мүлдем жоқ екенін білдірмейді. Бұл тұлғалар әдетте достары мен жақындарына эмоционалды қолдау көрсеткісі келеді, бірақ олар мұны қалай істеу керектігін білмейді. Және олар қолдау көрсетудің ең жақсы, ең тиімді әдісі қандай екенін анықтай алмағандықтан, олар бірдеңе істеуден немесе айтудан бас тартуы мүмкін..

Бұл «анализдің сал ауруы» логиктердің өмірінің көптеген салаларына әсер етуі мүмкін. Тұлғаның мұндай түріне ие адамдар ең кішкентай шешімдерді де ұзақ ойланып барып жасауы мүмкін. Бұл оларды тиімсіз және тығырыққа тірелгіп қалғандай сезінуіне әкеледі, олардың санасындағы шексіз ойлар шеруі соншалықты шаршатып, істерді аяқтау кезінде қиындықтарға тап болуы мүмкін.

Жақсы жаңалық - логиктерге ұзақ уақыт тығырыққа тірелудің қажеті жоқ. Олардың қайталанбас күшті жақтарына кейде тіреліп қалатын тығырықтардан шығуға қажеттінің барлығы кіреді. Логиктер өздерінің шығармашылық қабілеттері мен ашық көзқарастарын қолдана отырып, ойшыл ретінде де, бақытты, жан-жақты адам ретінде де өздерінің толық әлеуетіне қол жеткізе алады.

Атақты Логиктер